1

Кіру

Басты

ҚАУІПҚА НАЗАР АУДАРЫНЫЗ!!!

 

Қауіпқа Назар аударыныз!!!

Біраз мерзімнен соң мектепте демалыс басталады. Балаларда бос уақыт пайда боладыі. Электр құралдарын пайдалану кезінде Қауіпсіздік техникасын сақтау ережелерін және басқа да САҚТАЛУҒА тиісті қарапайым мәселелерді білу балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді және жарақаттар мен жазайым оқиғалардын алдын алады.

Қауіпсіздік ережелерін сақтамау салдарынан ауыр зардаптарға – балалардың қаза болуына және зардап шегуіне әкеліп соққан бірнеше қайғылы оқиғаларды мысалға келтірейік:

- 2001-2002 жылдары Павлодар облысында электр тогы соғу салдарынан бес бала қайтыс болды. Барлық жағдайлар балалар трансформатор подстанцияларының бөлмесіне кірген немесе электр тасымалдағыштар желісінің тіреуіне шыққан кезде болған;

- 2014 жыл Баянауыл ауылы. 7 жастағы ұл бала достарымен тығылмақ ойнап жүріп, трансформатор дүңгіршегінің (КТП) төбесіне шығып, кернеуі 10 кВ токөткізгіш шинаны қолымен ұстаған. Нәтижесінде, бала денесінің 15%-н күйік шалып, сол қолы ампутацияланды;  

- 2015 жыл, Маңғыстау облысының Бейнеу ауылы. 11 жастағы ұл бала ойнап жүріп, трансформатор қоршауының ішіне кірген. Ток өткізгіш элементтерге жанасқанда, оны ток соқты. Нәтижесінде, баланың екі қолын бірдей ампутациялауға тура келген;

- 2018 жыл. қыркүйек Жаңаауыл а. 12 және 14 жастағы ұл балалар спорт алаңында ойнаған кезде қоршауға шығып жаланаш токөткізгіш элементерге тиді. Нәтижесінде балалар қайтыс болды.

Сонымен үзілді-кесілді:

  • Трансформатор және ток бөлетін подстанцияларға өте жақын келуге және жанасуға, ішіне енуге және төбесіне шығуға болмайды;
  • Электр тасымалдағыш кәбілдердің және әуе желілерінің жерде жатқан және үзілген жалаңаш сымдарына жақындауға және ұстауға болмайды;
  • Бойында электр тогы жүріп жатқан жалаңаш сымдарға жанасуға болмайды;
  • Құралдарда немесе сымдарда электр тогының бар-жоғын білу үшін саусақпен тексеруге болмайды;
  • Сым оқшаулағыштарға зиян келтірмеу және қысқа тұйықталуды (от шығу) болдырмау үшін оларды есікпен, терезе жақтауларымен қыстыруға, шегелерге бекітуге болмайды;
  • Электр өткізгіштер жылу батареяларына, су құбырларына, телефон және радиотрансляция сымдарына жанаспауын бақылап отыру қажет;
  • Балалардың розеткалардың жанында ойнауларына, оған шпилькалар мен түйреуіштер тығуына, сымдарды ұстауына жол бермеу керек, өйткені бұл ток соғуына әкеліп соғады;
  • Сулы қолмен электр лампочкаларын, тұрмыстық приборларды жағу немесе сөндіру қауіпті. Жанып кеткен лампочкаларды ажыратқышты сөндіріп қойып ауыстыру қажет;
  • Корпустарының бойымен ток жүріп тұрған тұрмыстық электр құралдарды («тістейтін» прибор) пайдалануға үзілді-кесілді тыйым салынады. Құралдарды қосқан және ажыратқан кезде штепсель айырын сымнан емес пластмасса колодкасынан ұстау қажет;
  • Су қайнататын, ас пісіретін (электр шәйнектер, кәстрөлдер) приборларды желіге құрғақтай қосуға болмайды. Олардың кем дегенде үштен бір бөлігін сумен толтыру керек. Шәйнекке немесе кәстрөлге су құйғанда, олар міндетті түрде токтан ажыратулы болуы қажет;
  • Сондай-ақ, приборлардан ажыратылған шнурлар да штепсельді розеткадан ажыратулы болуға тиісті, себебі, оған байқамай жанасқан кезде ток соғуы мүмкін;
  • Кез келген тұрмыстық электр құралдарды бір қолмен, мүмкін болса, оң қолмен, және сол кезде су жүретін, газ және жылу құбырларына жанаспай қосу немесе ажырату қажет.
  • Өрт шығуын болдырмау үшін, тұрмыстық электр приборларын арнайы тұғырларға (керамикалық, металл, немесе асбестен жасалған) және жылдам жанатын заттардан (перде портьер, дастархан) қауіпсіз қашық жерге орнату қажет.

Осыны балаларыңызға түсіндіріңіз, оларға қарапайым Ережелерді ұқтыру үшін уақытты Бүгін табыңыз, өйткені Ертең кеш болуы мүмкін.

ҚР ЭМ Атом және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Павлодар облысы бойынша аумақтық департаменті.

 

 

 

 

 

         25 мамыр сағат 10-да Первомайск негізгі білім беретін мектепте «Соңғы қоңырау» мерекесі басталды. Бұл мерекеде аудандық білім бөлімінің әдіскері Л.Н.Иванько, ауыл тұрғындары және ата-аналар қатынасты.

Толығырақ  ҚАУІПҚА НАЗАР АУДАРЫНЫЗ!!!

Жеңіс күні

«Алыстағы батырлыққа адалдықты сақтау» атты мектеп қітапханасында  көркем әдеби кітаптар көрмесі ұйымдастырылды. Барлық сыныптар бойынша батырлық  сабақтары жүргізіліп, «Кремльден бастап Рейхстагқа дейін» деген презентация көрсетілді.

Толығырақ  Жеңіс күні

1 Мамыр

Қазақстан  халықтары  бірлігі күнің  тойлау  барысында  «Первомайск негізгі мектебі»ММ мерекеге сай жоспар құрылып, бекітілді және соған сай арнайы келесі іс-шаралар өткізілді.

Толығырақ  1 Мамыр

«Наурыз-мейрамы»

19 наурыз күні Первомайск негізгі мектебінде сағат 12.00-де бастауыш сынып кабинетінде наурыз мейрамына арналған іс –шара басталды.1-8 сынып оқушылары мерекелік бағдарлама дайындады.Олар: әндер, билер және әр түрлі көріністер болды. Сонымен қатар қазақ елінің кейбір дәстүрлері: «Беташар», «Тұсаукесер», «Бата беру», «Шашу» т.б..

Толығырақ  «Наурыз-мейрамы»