Мектеп туралы
2013 - 2014 оқу жылының басындағы
мектеп туралы мәлімет
Білім ұйымның атауы: ММ «Қашыр ауданы Октябрьск ауылдық Первомайск негізгі жалпы білім беретін мектебі».
Орналасқан жері: Первомайск ауылы, Лесная көшесі.
Білім ұйымының тағайындалуы: Бәсекеге қабілетті жеке адамның шығармашылық дамуына талаптар құру.
Өзіндік формасы: Мемлекеттік
Жалпы көлемі: Мектеп басқаға құрылған орында орналасқан 710 шаршы.м.
Директор: Рассохина Татьяна Михайловна
Оқушылардың саны: 24 ( жоба қуаттылығы 50)
Оқу – материалдық база: Мектеп оқу құралдарымен жабдықталған 5 оқу кабинетінен тұрады.
Мектепте бар:
10 орынға арналған асхана;
1 компьютер кабинеті (6+1),1;
1 интербелсенді тақта;
Кітапхана - 4 шаршы.м 3359 экз кітап қорымен;
Спорталаңы;
Мектеп интернет желісімен байланысқан.
Педагогикалық кадрлардың сапалық тізімі: Мектепте 11 мұғалім жұмыс істейді.
Жоғарғы біліммен 10,арнайы орта біліммен -1, жоғарғы дәрежемен -2(18%) , бірінші дәрежемен – 3 (27 %), екінші дәрежемен -1(9%).
Негізгі көрсеткіштер: 2012, 2013 жылғы барлық түлектер өз білімдерін колледжде, лицейлерде және жалпы орта білім беретін мектептерде жалғастыруда
Жыл сайын оқушылар ғылыми жобаларда, интеллектуалдық сайыстарға қатынасады. 2012 жылы халықаралық «Кенгуру - 2011» атты ойын – сайыста 9 сынып оқушысы Павлова Настя үшінші орынды иеленді. 2012 - 2013 оқу жылында «Ақ бота» интеллектуалдық марафонда үш оқушы: Шепилов Сергей - 5 сынып, Пащен Артур - 5 сынып және Павлова Люба - 9 сынып үшінші орынды иеленді, Нургалиев Ерген - 3 сынып оқушысы « Русский медвежонок» халықаралық сайыста бірінші орынды ұтып алды.
Мектеп туралы ақпарат
Мектептің құрылған жылы – Мектеп 1963жылдан бастап. Ғимарат бір қабатты. Мектептің жобалық қуаты - 50орындық. Мектептің жалпы көлемі 710 шаршы.м., мектептің территориялық аумағының көлемі – 1060шаршы.м. Мектепте 24 оқушы және мемлекеттік тілдегі мектепалды даярлық сыныбында 3 оқушы білім алуда.
Мектептің негізгі міндеттері: Жалпы және орта білім бағдарламалары бойынша оқыту және тәрбиелеу.
Мектеп аптасына 6 күндік 2 ауысымдық тәртіпте жұмыс істейді.
Оқу процесінің ұйымдық түрі: сабақтар (сыныптық – күнтізбелік форма), лекциялар, семинарлар, консультациялар, таңдау бойынша тапсырмалар, олимпиадалар, сайыстар, сабақ апталары, ашық сабақтар.
Оқу жоспарының вариативтік бөлімінде қосымша оқушылардың танымдық қызығушылығын дамытатын және дамытушылық курстар: 6-7 сыныптарда математика, бастауыш сыныптарда «Азбука вежливости» қосылған.
Мұғалімдермен авторлық бағдарламалар, әдістемелік пособиелер құралған ( З.Ж.Кабылдинова, Б.Д.Кабенов, Е.Н.Ратушная,Т.М.Рассохина).
Мектепте 100% ыстық тамақпен қамтамасыз етілген. Жалпыоқудың қорынан ыстық тамақпен аз қамтамасыз етілген, көп балалы, тубвиражды және тубинфинцированды отьасы балалары қамтамасыз етілген, олар -54% құрайды.Бір оқушының ыстық тамағының құнының орташа бағасы 90 теңгені құрайды.