1

Кіру

"Білім күні"

ММ «Первомайск НМ»

білім күнін өткізу туралы ақпарат

Білім күні мектепте 1-9 сынып оқушылары үшін сағат 10:00 мерекелік линейкадан басталды.Мерекелік линейка екі тілде ұйымдастырылды (орыс-қазақ). Мерекелік күн барлық қырынан көрсетілді, ең алдымен мектепті рәсімдеу, ұстаздар мен оқушылардың қуанышты сәлемдесуі және келген қонақтар, ұстаздар мен балаларын ертіп келген ата - аналардың көңілді күйде болуы.

Педагогикалық ұжым мен мектеп директоры бірінші сынып бүлдіршіндерін және оның ата - аналарын білім күнімен құттықтап, ҚР президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сыйлығы «Менің Отаным - Қазақстан» атты кітабын табыстады.

Сонымен қатар аудандық білім бөлімінің әдіскері Алимбаева Әсел Қуандыққызы құттықтау сөзін айтты.Ол Качир аудан әкімі Ж.Р. Шұғаев пен білім бөлімінің қызметкерлерінің атынан құттықтады.

 Педагогикалық ұжым мен жоғары сынып оқушылары кішкентай бүлдіршіндерге өздерінің ыстық лебіздерін,тілектерін білдірді.

Әрбір ыстық сөздер сынып жетекшілері мен мектеп ұстаздарына айтылды, олар сүйікті оқушыларынан әдемі гүл шоғырларын сыйға алды.           

         Мерекелік линейкадан кейін 1-9 сыныптарына арналған «Қазақ халқының батырлық ерліктері» атты Ерлік сабағы өткізілді. Сынып сағатынан соң викторина өткізілді.